"Леффлер GGG-ді пайдаланғысы келді" Головкин промоутерімен шартын не үшін бұзуы мүмкін? - на sport.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на sport.bugin.kz Қаракөз Амантай

Геннадий Головкин Том Леффлермен серіктестігін тоқтатуы мүмкін

Шетелдік бокс сүйер қауым Twitter желісінде бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлермен серіктестігін тоқтатуы мүмкін деген хабарға қатысты өздерінің ойын білдіріп жатыр. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Бірі "Леффлер боксты түсінбейді", "Леффлермен серіктестігі үшін Головкин мұрасынан айырылуы мүмкін", "Головкин Леффлермен бірге жұлдыз бола алмайды", "Баяғыда басқа промоутерді таңдауы керек еді" деп қарсы пікірлерін айтып жатты.

"Леффлер GGG-ді, Golden Boy "Канелоны" пайдаланатындай пайдаланғысы келді — оның беделі арқылы жекпе-жек күнін белгілеп отыр", — дейді желі қолданушыларының бірі.

Алайда Геннадийдің Том Леффлермен қош айтысына өкініп жатқандар да болды.

"Том Леффлер Головкинге әрқашан адал болды. Оны мультимиллионерге айналдырды. Сонымен бірге мансабын аяқтамаса, өкінішті", — дейді қолданушылардың бірі.

Бұдан бөлек, Головкин енді Эдди Хирнмен бірге жұмыс істесе деген тілек айтылыпты.

0 Пікір Кіру