Погба «МЮ»дің  Дубайдағы жиынына бармады  - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Футбол

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы  Поль Погбаны команда мен бірге Дубайға алып кетпеді. Бұл жайында клубтың ресми сайты хабардар еткен болатын.

Франциялық футболшы  2 қаңтар күні АПЛ дың 21-турында "Ньюкасл" мен болған ойындағы (2:0) жарақатынан айығып үлгермеген. Футболшы Дубайдағы жиынға кейінірек барып қосылады деп күтілуде.

"Манчестер Юнайтед"  22-тур ойынын 13 қаңтарда "Уэмбли" стадионында "Тоттенхэм Хотуспур"ға қарсы өткізеді. 21-турдан кейін қызыл сойқандар 38 ұпаймен АПЛ турнирлік кестесінде алтыншы орында жайғасқан. Оле Гуннар Сульшер шəкірттері "шпорлар"дан 10 ұпай артта келеді.

0 Пікір Кіру