Роналдудың жетістік құпиясы неде? - на sport.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на sport.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

Атақты футбол жұлдызы қалай жаттығады, не жейді, қанша сағат ұйықтайды?

Криштиану Роналду – әлемдегі ең танымал футбол жұлдызы. Футбол мен Роналду егіз десек қателеспейміз. Футбол мамандары да, жанкүйерлер де әр ойын сайын оның жоғары деңгейдегі кәсібилігіне таңдай қағады. Қай кезде де оның әр қадамы назардан тыс қалған емес. Роналдудың басты өмірлік ұстанымы – кәсібилік пен жауапкершілік. Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтыны оның ойындағы іс-қимылынан аңғарылып тұрады. Тіпті ол әр ойынды соңғы ойынындай көріп, шебер ойнайтын секілді. Әріптестері оның жаттығуға елден бұрын келіп, бәрінен кеш қайтатынын жыр қып айтады. Адамға Құдай талант берсе, оны еңбекпен ұштастыру екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Талантына сеніп орта жолда қалғандар қаншама. Ал Роналду кәсіби деңгейін күн сайын арттырып, аянбай тер төгуден шаршаған емес. Оның бүгінге дейін жеткен жетістігінің сыры бәлкім осында жатса керек. Өзінен үнемі жауапкершілікті талап ететін футболшы күнделікті жейтін тамағына дейін жіті мән береді екен. Футболшының әр күні жоспар бойынша өтеді. Бір күнін жаттығусыз өткізбейтін «Ювентус» сұрмергенінің қалай тамақтанатыны, күніне қанша сағат ұйықтайтыны қызық шығар. Ендеше, Роналдудың жетістік құпиясына үңіліп көрейік.

Криштиану Роналду күніне бес-алты рет араға үш-төрт сағат салып аз мөлшермен тамақтанады. Ол қант, фаст-фуд өнімдерін, газдалған сусын мен алкоголь ішпейді.

Футболшы тек клуб базасында және үйінде ғана тамақтанады. Мейрамханаларда оның тәрелкесі үнемі бос тұрады. Португалдың ойынша, үздік десерт – жеміс-жидектер.

Криштианудың тамақтану әдебі мынадай:

1 тағам:

Нан және нан өнімдерінен жасалған ботқа.

Жұмыртқаның ағы мен жеміс-жидек араластырылған ірімшік.

Жеміс шырыны.

2 тағам:

Картоп.

Тауық немесе балық.

Көкөністен дайындалған салат.

3 тағам:

Балық қосылған ролл.

Жеміс шырыны.

4 тағам:

Күріш.

Тауық немесе бұршақ жапырағы.

Бұршақ.

Жеміс шырыны.

5 тағам:

Ақуыздардан дайындалған коктейль

6 тағам:

Буға пісірілген балық пен көкөністер

Кешкі асты ұйқыдан үш-төрт сағат бұрын ішу міндет. Күн сайын Криштиану көп мөлшерде су ішеді.

Жаттығу бағдарламасы аптасына үш ауыр жаттығудан және екі кардио жаттығудан тұрады. Ол күн сайын үш-төрт сағаттан бес күн қатарынан жаттығады. Сенбі, жексенбі күндері демалыс.

Дүйсенбі, сейсенбі– дененің төменгі бөлігін жаттықтыратын күн. Әртүрлі жаттығу жасалады: секіру, зілтемірдіиыққа сап, бес реттен бес қайтара отырып-тұру. Сонымен қатар, бір аяққа тұрып отырып тұру және іш бұлшықеттерін (пресс) шынықтыру.

Сәрсенбікүнді ол дененің жоғары бөлігін жаттықтыруға арнайды. Негізгі жаттығулар: қоссырыққа (брусья) қолды бүгіп-жазу (отжимание) жаттығуын жасау, қабырғаға доп лақтыру және өзге де қол күшін талап ететін іс-қимылдар. Әрқайсысы он сегіз реттен екі қайтара жасалады.

 

Бейсенбі кардиожаттығуларға арналады. Зілтемірді жатып көтеру арқылы кеудені жаттықтыру, жаттығу велосипедін бірнеше шақырымға дейін жеткізіп тебу, жылдам жүгіру, еденге қолды бүгіп-жазу (отжимание) сияқты жаттығулар бар. Бұлар жылдамдықты арттыру үшін қажет. Барлығы үзіліссіз бір ырғақта жасалады. Мұндағы басты мақсат – денеге ауырлық түсіру емес, керісінше, дұрыс қайталау арқылы тез нәтижеге жету. Жаттығу алты, сегіз, он екі рет қайталанады. Сондай-ақ, Роналду командамен бірге жаттыққанда да кеудеге салмақ түсіретін жаттығуларды жиі жасайды.

Бұлшық еттерді жаттықтыру жұма күнгі жұмыс. Турникке тартылу, оған аяқпен асылып тұру секілді жаттығулары бар. Отыз үш жаста болса да футболшының іш бұлшықеттері (пресс) бірнеше бөлікке бөлінгенін көруге болады.

 

Ал жексенбі күні тек жеңіл жаттығулар жасалады. Мәселен, секірме (скакалка) тебу. Сонымен бірге созылу жаттығулары да португалдың жиі жасайтын жаттығулар қатарына жатады. Созылу арқылы бұлшықеттердің икемділігін жетілдіреді. Тіпті, созылу жаттығуы ойын кезінде жарақат алып қалудан қорғайды екен. Көп футболшының ойын барысында жарақат алып, бірнеше ай ем алып жатып қалатыны бар. Ал Роналдуда ондай болған емес. Оның денесінде 10%  ғана май болса, қалғаны ет.

Криштиану Роналдудың жетістік құпиясы үздіксіз жаттығу мен дұрыс тамақтану дұрыс ұйықтау дер едік. Футболшының күн тәртібін Ник Литллхэйлсесімді британдық маман қадағалайды. Ол күніне бес мәрте ұйықтайды. 4-6 сағатты түнгі ұйқыға арнаса, күндізгі 2-4 сағатты қысқа мерзімді ұйқыға арнайды. Тағы бір айта кетерлігі, Роналду ешқашан теледидар көрмейді. Ал гаджеттерді күніне 1,5 сағат қана қолданады екен.

Қорыта айтқанда, кез келген спортшының жетістік құпиясы қарапайым. Кейде дүниенің өзі осы қарапайым нәрседе жатқандай көрінеді. Роналду секілді футбол жұлдызының да жетістік сыры қарапайым. Ол әрине, қатаң тәртіп пен үздіксіз жаттығу. Бір сәтке де босаңсуға болмайтынын жақсы білетін Роналду да бүгінгі жетістігіне соның арқасында жетті деп білеміз.

0 Пікір Кіру