МакГрегорды жүзуге шақырған ұшқыш балық - на sport.bugin.kz
Аягөз - на sport.bugin.kz Аягөз

Спорт жаңалығы

Әлемнің ең танымал жүзгіші Майкл Фелпс UFC-дегі жеңіл салмақты Конор Макгрегорды бірге жарысуға шақырды. 

Бірақ, бұл қалжың, алайда ол жүзгісі келсе, мен қарсы емеспін. Мен онымен жарысамын. Егер менің дайындыққа жарты жылым болса, онда 48 секундта жүзіп өтемін. 100 метрлік қашықтықта әрине, мен оған алдын ала менен бұрын 50 метр бұрын жүзуіне мүмкіндік беремін. Ол қаласа, мен бұл жағын қарастырар едім’’,-деді Фелпс өз кезегінде.

Енді, жүзгіштің өзі жайлы айтсақ, кәсіби спорттан түбегейлі кетіп, жұмысын қайырымдылықпен айналысып, жалпы алғанда демалуды жөн көрді. Фелпс үш рет олимпиада рекордын жасады. Біріншіден, 22 медаль ала отырып, ең атақты олимпиадашы атанды. Екіншіден, оның жарыстардан алған алтындарына ешкім тең келе алмайды. Үшіншіден, бір олимпиадада сегіз медаль алу әлі ешкімнің қолынан келмеді. Ол бұны 2008 жылы Пекинде іске асырды. Барлық медальдарының ішінде өзіне аса бағалысы Афинадағы ойындағы 400 метрлік комплекстік жүзуден алғанын айта кетті. Бұл оның ең алғашқы иеленген алтыны екен.

Айта кетсек, ол спорт тарихындағы ең көп 23 дүркін чемпион атанған спортшы. Олимпиада ойындарынан28жүлде алған абсолютті рекордсмен.

27 жасында яғни, 2012 жылы Лондонда болған олимпиададан кейін спорттан мүлде кетпекші болған, бірақ қайтадан Риодағы ойынға қатысып, одан 5 алтын, 1 күміс иеленді. Риодағы байрақты бәсекеден кейін спорттан мүлде кететінін айтты. Айта кетерлік, 15 жасынан бастап 2000 жылы болған олимпиада ойындарына қатысқан. 2001 жылы су спорты түрлерінің чемпионатында200метр баттерфляй стилімен әлемдік рекорд орнатты. Осылай ол 15 жасында әлі бұрын сонды ешкімнің қолынан келмеген жүзуден рекорд жасады. Туған жері Балтиморда оның атына көше берілген. Аталмыш спортты жеті жасынан бастаған.

0 Пікір Кіру