Марғұлан Ақан

Ғасыр жекпе-жегі аяқталды

UFC -229 турнирі өз мәресіне жетті. Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасындағы ғасыр жекпе-жегіне ұласқан Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрекгор арасындағы айқас Хабибтың жеңісімен аяқталды-деп, хабарлайды Bugin.kz.

5 раундтан тұратын жекпе-жек 4-раундта өз нәтижесін берді. Тұншықтыру тәсілімен жеңіске жеткен Хабиб раунд бойына бірнеше соққы жасап, МакГрегордың есін шығарды десек артық айтқанымыз емес. 


Конордың жеңілісін көтере алмаған UFC әкімшілігі мен халықтың мүддесі бір болғандай оқиғаның куәсі болдық. Таза жеңіспен өзінің белдігін ала алмай шыққан Хабибке әкімшіліктің берген жауабы осы болды: "Белдікті кейін аласың, шу болады. Марапаттау ғана болсын!". 


Тікелей эфирден кейін пресс-конференция жалғасатын болады. Тор ішінде болған жағдайды халық көрді. Тор сыртындағы мәселені алдағы уақытта біле алатын боламыз. 


0 Пікір Кіру