Марғұлан Ақан

2018 жылғы рейтинг бойынша

Футбол – әлемдегі ең көп қаралатын және табыс көзі жағынан да ең көп ақша әкелетін спорт түрі. Қазірдің өзінде әлемде атынан ат үркетін бірнеше фтубол клубтары бар. «Реал Мадри», «Барселона», «ПСЖ», «Бавария», «Ювентус» сынды командалардан да бөлек бай әрі мықты клубтарды атауға болады. Бүгін сіздерге 2018 жылығы рейтинг бойынша топ бастаған ең бай 10 футболшы туралы ақпарат береміз.


10. Фрэнк Лэмпард – 87 млн $

Фрэнк Лэмпард есімі ағылшынның «Chelsea» футбол клубында ойып тұрып орын алады. Қазір Нью-Йорктың «Westham United» клубында өнер көрсетеді. Аталған клубта оның әкесі өз ізін қалдырған болатын.

 

9. Рауль Гонсалес – 93 млн $

Испан фтуболының жұлдызы дәл қазір «New York Cosmos» командасында. Әлемнің ең үздік командаларының бірі «Реал Мадрид» сапында жүріп 323 гол салғанын еске сала кету керек. Оның рекордын Криштиану Роналду бұзған еді.

 

8. Рональдино Гаучо – 95 млн $

2004-2005 жылдары қатарынан екі рет  FIFA-ның ең үздік жыл ойыншысы атанған Рональдино әлем футбол тарихындағы нағыз аңыз адам. «Barcelona», «Inter», «Milan» клубтарында өнер көрсетті. Қазір мексиканың «Queretaro» командасында.

 

7. Самуэль Это’о – 95 млн $

Самуэль барлық дерлік турнирлер мен маңызды кубоктарды ұтып алған ойыншы. Африкадан шыққан ең үздік шабылушы. Қазір «Antalyaspor» командасында өнер көрсетеді.

 

6. Рикардо Кака – 105 млн $

«Milan» және «Real Madrid» клубтарының аңызына айналған ойыншы. «Алтын доп» иегері (2007 жыл). Қазір «Orlando City» MLS құрамында.

 

5. Уэйни Руни – 112 млн $

Ұлыбританияның ең үздік шабылушысы. Ұлттық құраманың және «Manchester United» командасының капитаны. Өзінің ерекше өнерімен есте қалған ойыншы қазір америкалық «D.S.United» клубында өнер көрсетеді. Айта кету керек, Руни 2020 жылғы Әлем біріншілігіне қатысуы мүмкін.

 

4. Златан Ибрагимович – 114 млн $

Ауада айналып теуіп гол салудың нағыз шебері әрі өзінің қатал мінезімен футбол әлемінде жарқ ете қалған Златан Ибрагимовичтың жанкүйерлері де көп. «Manchester United», «Barcelona», «Paris St Geriman» сынды үздік клубтарда өнер көрсеткен. Қазір «Los Angeles Galaxy» футбол командасында өнер көрсетеді.

 

3. Неймар да Сильва Сантос кіші – 148 млн $

2012-2013 жылдары «SportsPro» журналына әлемдегі ең тартымды футболшы ретінде жарық көрген Неймар Бразилия ұлттық құрамасының капитаны. «Barcelona» сапында өнер көрсеткен. Қазір «Paris St Geriman» клубында ойнайды.

 

2. Лионель Месси – 218 млн $

Жер бетіндегі ең үздік ойыншы. Марадона мен Пеледен кейін аты асқақ тұрған ойыншы – Месси. «Barcelona» клубының ең үздік шабылушысы. Клубқа деген адалдығы ерекше. Бес бірдей «Алтын доп» иесі.

 

1. Криштиану Роналду – 280 млн $

Роналду деген кезде бірден екі команда көз алдыңызға келеді: «Manchester United» және «Real Madrid». Қос клубта жүріп әлемнің үздігі атанған Криштиану Роналду дәл қазір италияның «Juventus» клубында өнер көрсетеді. Бес бірдей «Алтын доп» иегері.

0 Пікір Кіру