Марғұлан Ақан

Бекжан Тұрыстың айтары бар

Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс мырза, белгілі журналист, тележүргізуші Нартай Аралбаймен болған сұқбатта өзінің ойын ашық айтты. Ойды-ой қуалап отырып, еліміздегі діни мәселеге тоқталған болатын. Бекжан мырзаның айтуынша, елдегі мешіттерде бабалардың емес, арабтың уағызы ғана айтылады.


Ата-бабадан бері қазақтың дәстүрін ұстанып, салт пен санаға берік болған қазақ халқының бүгінде дінді ұстану қағидасы сан-саққа жүгіріп, адасуға барғанын көз көріп жүр. Ұрпағының болашағына алаңдайтын ата-аналардың "Құдайын" аузынан тастамайтын күннің соңы, баласын мешітке жіберуге қорқатын жағдайға жетті. "Неге?" деген сұраққа Бекжан мырза: "Біздің уағызшылардың да уағызы кішкене дұрыс болуы керек, қазақы",-деп жауап берді. Одан бөлек имамдарымызға кешке дейін арабтың уағызын емес, қазақы дәстүрге сай бабабалар сақтап келген уағызды да насихаттау керектігін айтып жүретінін тілге тиек етті.



0 Пікір Кіру