Марғұлан Ақан

15 чемпион жаттықтырған

Мұхаммед Әли мен Рэй Шугар Леонард есімін бокс әлеміндегі жанкүйерлер ғана емес, бүкіл халық таниды. Қос жұлдыздың өткен жолдары, жетістіктер мен жеңілістері адам қызығатын бір-бір кітап.

 

150 жекпе-жек өткізіп, 145 кездесуін жеңіспен және нокаутпен аяқтаған Рэй Шугар Леонард нағыз аңыз адам, аңыз спортшы. Орта салмақтың патшасы. Былғары қолғап шеберінің тек орта салмақта ғана емес, 5 салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтасып, жеңіске жеткенін өткен 70-90 жылдардың көрермендері жақсы біледі.

Мұхаммед Әли – бокс тарихындағы номері бірінші адам. Оған бұл бағаны көрермен өзі берді. Тек ұрып құлатудың шебері емес, шоу жасаудың да үлгісін жасаған осы боксшы. 5 рет қатарынан «жыл боксшысы» атағын иеленді.

 

Қос жұлдыздың бағын ашқан кім?

Анджело Данди – американың бокстан белгілі жаттықтырушысы. Жоғарыда аталған қос бірдей боксшымен жұмыс жасап, олардың жұлдызын жаққан бапкер.

Бакердің боксқа деген қызығушылығы әскерде жүрген кезінде пайда болған. Ең қызығы Дандидың өзі бірде-бір жекпе-жекке шықпаған.

Бапкер өмірінің соңына дейін әлемнің 15 чемпионын дайындаған.


Бапкерден қалған батыл сөздер: 

Бапкердің жұмысы – кубик-рубик секілді. Оның бірнеше қыры бар. Сіз соның ішінде психологтың, дәрігердің тіпті актердің қызметін ұштастыра білуіңіз керек. Дәл осы қарқынмен бапкер жеңіске жете алады.

Чемпион дайындау – балық аулағанмен бірдей. Оған күш керек емес, техника керек.

Сіз жеңген кезде емес, жеңілген кезде киім ауыстыратын бөлмеде қасыңызда қалған адамға қараңыз.

Бәрі жақсы болуы міндетті емес...

0 Пікір Кіру