Марғұлан Ақан

Индонезияда мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткен «Para Igri–2018» жарыстарында

Спорт шебері атанған 15 жастағы жасөспірім әлемдегі ең үздік жүзушілердің ондығына кірді. 

Нұрәлі Советханов жүзу спортымен тоғыз жылдай уақыт айналысып келеді. Жасөспірім Қазақстанның былтырғы және биылғы чемпионаттарында, 2017 жылы Дубайда өткен Паралимпиялық ойындарда жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Берлиндегі Әлем кубогының және басқа да көптеген халықаралық деңгейдегі жарыстардың жүлдегері.

Осы жылы Индонезияда мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткен «Para Igri–2018» жарыстарында әлемнің 44 елінен спортшылар қатысып отыр. Нұрәлі жетінші орын алып, ең үздік он спортшының қатарына ілініпті.

Бұл ойындарда ШҚО-ның тағы бір спортшысы жүлдемен оралды. Шахматшы Болат Қабыжанов күміс медальді қанжығасына байлаған екен.


Дереккөз: altaynews.kz

0 Пікір Кіру