Марғұлан Ақан

Әлемнің 9 чемпионы бар

Армрестлинг –  бүкіл әлемде кеңінен таралған спорт түрі. Қазақ «қол күрес» деп атайды. Осы спорт түрінің қазақстанда жақсы дамығанын айта кету керек. Себебі ішкі біріншілікте топ жарған жігіттеріміз әлемді аузына қаратып келеді.

 

«Шынықсаң, шымыр боласың» деген қазақтың жігіттері тынбай дайындық пен еңбектің арқасында 2018 жылдың қазан айында Анталья қаласында  өткен XXXX армрестлинг Әлем біріншілігінде үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқан кезде Шардарадан барған 9 спортшымыз әлем чемпионы атанды.

 

50 кг-Жүсіп Дархан (жасөспірімдер арасында )
55 кг-Қадыр Нұрхан (жасөспірімдер арасында)
60 кг-Сарыбай Ердәулет (жасөспірімдер арасында)
80 кг-Қаржау Есболат (жасөспірімдер арасында)
65 кг (қыздар)-Камал Ұлбала (жасөспірімдер арасында)
60 кг-Өсербай Қыдыр (жастар арасында)
60 кг (қыздар)-Мәлікайдар Ләззәт (ересектер арасында)
55 кг-Әбсаттар Дәурен (ересектер арасында)
65 кг-Айдархан Нұрдәулет (ересектер арасында осымен әлемнің 4 дүркін чемпионы атанды)

Әлемнің 50 мемлекеті бақ сынаған додада ҚР-ның Ұлттық қол күрес құрамасының биіктен көрінуі, біздегі қол күрес спортының жақсы дамығанын тағы бір қырынан көрсетіп берді.

0 Пікір Кіру