90 минуттық ойын үшін жан бергендер...

Әлемдегі спорт өнерінің бір түрі – футбол. Аяқ доп дегенде жастан бастап кәрісіне дейін ішкен асын жерге қоятын бұл өнердің қызығы мен қайғысы да қатар жүреді. Алаңға аттай тулап атып шыққан шымыр спортшылардың да белгісіз себептермен ажал құшатыны тағы бар.


Хрвое Чустич

Хорватияның «Задара» футбол клубында өнер көрсететін 24 жасар білікті  спортшы 2008 жылдың 29 наурыз күні ойын кезінде алаң шетінде орналасқан бетон қоршауға басымен соғылған. Ойынның басталғанына 4 минут уақыт өткенде орын алған оқиғаның соңы Хрвое Чустичтің өлімімен аяқталды.


Горан Туньич

Жасыл алаңда доп теуіп жүрген спортшыға дәрігер дер кезінде көмек көрсетіп үлгермейді. Дәл осындай жағдайдың бірі тағы да Хорватияның «Младость» футбол клубының қорғаушысы Горан Туньичтің басынан өтті. Аяқ астынан жерге құлаған ойыншының әрекетін төреші «қулық» деп санап, оған сары қағаз көрсеткен. Өкінішке орай ойыншының орнынан тұра алмай жатқанын түсінген төреші дәрігерлерге жүгінген. Уақытында жетіп үлгермеген көмектің кесірінен қорғаушы көз жұмды.


Эрик Йонгблад

1984 жылы Голлондияның «ДВС» футбол клубында өнер көрсететін қақпашы Эрик Йонгбладтың жасыл алаңдағы өлімі ел есінде мәңгі қалса керек. Әлемгі аты белгілі Яна Йонгбладтың ұлы қолайсыз ауа-райы кезінде төбесінен жай түсіп сол жерде мерт болған. Ең өкініштісі ұлының қазасын әкесі алаңда тұрып көрген.


Самюэль Оквараджи

1989 жылы 1990 жылы өтетін Әлем Біріншілігіне іріктеу ойындары кезінде қайғылы оқиға орын алды. Ойынның аяқталуына 10 минут қалған кезде Самюэль  Оквараджи тұрған орнында құлап түседі. Тіл тартпай кеткен ойыншының жүрегі тоқтап қалғаны белгілі болған.


Исаак Самора

«Санта Крус» сапында өнер көрсететін Исаак Самора «Либерасьон» командасымен болған ойын кезінде қайтыс болды. Қорғаушы қақпаның қасында бұрыштама добын тосып тұрған сәтте, қарсылас команданың ойыншыларының бірі қақпаға қатты соғылып, содан қақпа төмен құлайды. Салмақпен түскен темір қақпаның бір бөлігі Исаак Самораның басына түсіп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізгенше жолда қайтыс болады.


Марк-Вивьен Фоэ

2003 жылы Лионда өткен Конфедерация Кубогы кезінде Марк-Вивьен Фоэ жасыл алаңның ортасында ұзыннан түсті. Ешкім түсініп үлгермеген жағдайды бақылауға алған дәрігерлер ойыншы ауруханаға жеткізеді. Алайда ол құлаған кезде жүрек тоқтап қалған екен.


Миклош Фехер

Футбол тарихындағы ел есінде қайғылы жағдаймен қалған Миклош Фехердің өлімі жайлы әлемдік БАҚ жарыса жазды. Алаңдағы жанкүйердің көз жасы көл болды. Себебі әлі жас болсада, Португалия Чемпионы, Португалияның Кубогы мен Супер Кубогын алған, 1997 жылы Венгрияның ең жас үздік ойыншысы атаған, 2001 жылы Ференц Пушкаш сыйлығын алған ойыншы 2004 жылы өткен ойын кезінде қайтыс болды.

Алаңға ауысып шыққан Миклош Фехер тәртіп бұзып, төрешінің көрсеткен қағазына күліп, артқа бір-екі қадам басып барып жерге құлайды. Оның жүрегі тоқтап қалған.


Сергей Перхун

Болашағынан үлкен үміт күттіретін қақпашы Сергей Перхун жасыл алаңда командасын голдан құтқарамын деп қаза тапты. Шабылушы Будуноға бетпе-бет келіп соғылған қақпашы ми зақымын алып ауруханада көз жұмған.

Марғұлан