Қаракөз Амантай

Болат Манкенов команданың таратылуы туралы ойы

"Астана Арланс" клубының бұрынғы бас директоры Болат Манкенов команданың таратылуы туралы ойын айтты.

Еске салайық, бүгін, 4 желтоқсанда Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Данияр Абулғазин "Астана Арландарының" таратылатыны туралы мәлімедеген болатын.

"Жақсы жоба еді, бірақ, жүйелі болмады. Командаға үлкен қаржы жұмсалды. Маркетинг жағынан түсініксіз тұстар көп еді. Шығын артқанымен, кіріс болмады. Бұған қатысты AIBA ештеңе істемеді. Идеяны құртты.

Әр маусым соңында бізді жинайтын. Мерчиндайзингті дамытып, медиахолдингтармен кеңістікті ұлғайтуды ұсынатынбыз. Турнирдің жүлделік қоры 500 мың доллар. Мүшелік салым да осынша еді. Осыдан басқа кіріс болмады. Ал шығын үш-төрт есе көп. WSB-ге қатысу команда үшін шығын. Кейінгі жылдардағы AIBA даулары өзектілікке зиянын келтірді де, кері әсерді күшейтті. Бір-екі маусымнан кейін қанша команда бас тартқанын еске түсіріңіздерші. Бұл жоба жабылуы мүмкін.

Алғашқы маусымнан даулар басталды. Боксшылардың құқы тапталды. WSB боксшылары неге Олимпиадаға AIBA немесе Олимпиада туы астында қатыса алмайды деген сұрақ көтердік. Олар лицензияны AIBA-дан жартылай кәсіпқой жарыста алады ғой. Жүйелік қателіктер жылдар бойы келе жатыр. Олар олимпиадалық бокста бар жақсыны түгел құртты. Ең жаманы ереженің ауысуы. Ақыры ұйым да құрдымға кетті. AIBA жүз жылдығын тойлайды, алайда, барлық мұра аяққа тапталды.

Клуб басшылығы жаңа бағыт табады деген ойдамын. Мұндай ұжым, команда таратылатыны өкінішті. Осындай жағдай. Футболшыларымыз қуантып жатқанда, боксшылармен осындай болағын көңілге қаяу келтіреді", - деп атап өтті Манкенов.

Дереккөз: vesti.kz

0 Пікір Кіру