Бекет Айсұлтан

Азия чемпионатынан Қазақстан құрамасының таэквондошылары 18 медальмен оралды

30 қараша және 2 желтоқсан аралығында Малайзия астанасы Куала-Лумпур қаласында таэквондодан 2018 жылғы Азия чемпионаты өткен болатын.

Байрақты бәсекеден әлемнің түкпір-түкпірінен келген 600 спортшы бақ сынады. Бұл турнирге Қазақстан құрамасы сапынан 12 спортшы ел намысын қорғап, ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетті. Сөзімізге дәлел келтірсек, ел құрамасы 14 алтын, бір күміс және үш қола жүлдеге иелік етті. 

Анохин Степан, Сайдалин Талғат және Екатерина Нұрперзентова өз еншілеріне екі алтын медальды және абсолютті жеңімпаз атағын иеленді. Бұл турнирдегі басты сенсацияны Қазақстан құрамасының таэквондошысы, турнирдің ең жас қатысушысы 8 жасар Болат Бибарыс жасады. Бибарыстың да еншісінсінде қос алтын.

Сондай-ақ, ел құрамасының қоржынын Арсен Амангельдинов, Айдын Искалиев, Цой Вячеслав және Ануарбек Ислам да алтын жүлдемен толықтырды.

Жадыра Онжанова өз қарсыластарына лайықты өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды, ал Айбек Егізбаев, Мәулек Айбек және Ни Игорь қола жүлдеге қол жткізіп, жүлдегерлер тұғырынан көрінді.

Айтулы жарыста Қазақстан құрамасына бапкерлік еткен  халықаралық дәрежедегі мамандар Әбенов Ерлан және Әбенов Нұрлан екендігін де атап өткеніміз жөн.


2 Пікір Кіру