Қаракөз Амантай

Әлемнің төрт дүркін чемпионы

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин Instagram желісндегі парақшасында 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленіп, содан кейін карьерасын аяқтауды армандайтынын жазды.

"24 жыл бұрын осы балақай ағасымен бірге ауыр атлетика залына келіп, әлі күнге дейін сол залда жаттығып жүр. Ол көптеген жеңіске жетті, алда талай жеңістер күтіп тұр. Оған спортта және жалпы өмірде қолдау көрсетіп жатқан жақындары мен туыстарына алғыс айтамын!

Жасым 30-ға келсе де, әлі залда жүрмін. Иә, мен шаршадым... Дегенмен спорттық карьерамды Токиода алтын медаль алып аяқтағым келеді!

 Бұрын өзіме тапсырма бергенмін, қазір сол тапсырманы орындап келе жатырмын. Біреуге өзімнің күшті екенімді немесе таза екенімді дәлелдеу үшін емес. (...) Шаршадым, карьерамды аяқтағым келеді! Карьерамды әдемі аяқтай алмасам да, спорттық жолым сәтті болды деп санаймын", - деп жазған Илья Ильин.

Естеріңізге сала кетсек, Илья Ильин допинг дауынан соң «Бейжің-2008», «Лондон-2012» алтын медальдерінен айырылды. Алайда зілтемірші дисквалификация алса да, жаттығуын тоқтатқан жоқ. Ашхабадта өткен әлем біріншілігіне қатысуы керек болатын. Алайда омыртқасындағы жарақат салдарынан одан бас тартты. Бұл жарыс допинг дауыннан кейінгі екі жылдан бергі алғашқы әлемдік жарыс болу керек еді.


0 Пікір Кіру