Реал Мадрид ойыншылары ұмытпайтын жеңіліс болды  - на sport.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на sport.bugin.kz Марғұлан Ақан

ЦСКА ойсырата ұтты

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің ақтық сынында мәскеулік ЦСКА мадридтік "Реалды" ойсырата жеңді.

"Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен ресейлік клубтың пайдасына шешілді. Бірінші таймда ресейлік клубтың шабуылшысы Федор Чалов 37-ші минутта есеп ашты, араға алты минут (43-ші) салып қорғаушы Георгий Щенников есепті еселеді. Ойынның 73-ші минутында жартылай қорғаушы Арнор Сигурдссон финалдық кездесудің нүктесін қойды.


Осындай есеппен корольдік клубты жеңгеніне қарамастан небәрі 7 ұпай жинаған ЦСКА G тобында төртінші орынды қанағат тұтты. Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне бұл топтан "Реал" және италиялық "Рома"шықты. Ал чехиялық "Виктория" командасы Еуропа лигасында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, 12 желтоқсанда Астана уақытымен 23:55-те чехиялық "Виктория Пльзень" мен италиялық "Рома" және испаниялық "Реал" мен ресейлік ЦСКА ойнады.
Ал 13 желтоқсанған қараған түні 02:00-де "Аякс" (Голландия) - "Бавария" (Германия), "Бенфика" (Португалия) - АЕК (Грекия), "Валенсия" (Испания) - "Манчестер Юнайтед" (Англия), "Манчестер Сити" (Англия) - "Хоффенхайм" (Германия), "Шахтер" Донецк (Украина) - "Лион" (Франция) және "Янг Бойз" (Швейцария) - "Ювентус" (Италия) матчтері өтті.

QazSport арнасы "Реал" - ЦСКА және "Шахтер" - "Лион" матчтерін, ал Qazaqstan - "Валенсия - "Манчестер Юнайтед" кездесуін көрсетті.

Дереккөз: vesti.kz



0 Пікір Кіру