Нурмагомедов: 30 миллион жігіттер, 30 миллион - на sport.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на sport.bugin.kz Марғұлан Ақан

Қарымта жекпе-жектің бағасы осындай

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен қарымта өткізуі мүмкін. Бұл туралы ресейліктің әкесі Абудлманап Нурмагомедов мәлімдеді. 

Оның сөзінше, оларға МакГрегормен 15 миллион долларға қарымта бұған дейін де ұсынылған, алайда, Нурмагомедовтың командасы екі есе жоғары алғысы келеді. 
"Бізбен жұдырықтасқысы келе ме? 30 миллион беріңіздер жұдырықтасайық. Бұл МакГрегорге ұсыныс. 15 миллион ұсынған. Не үшін? 30 жігіттер, 30. 
МакГрегор кей жақтарын күшейткен екен. Бірақ біз қазір басқа деңгейдеміз. Бұрын оны ұрып жығамыз деп айта алдық па? Жоқ. Сосын Хабибпен жекпе-жекке лайықты және оны күтіп отырған басқа да жігіттер бар. Оларды сыйлауымыз керек. Порье, Фергюсон бар. Ал жанкүйер жинап, ақша табу мен хайп көтеру дегенге келсек, ол үшін Диаспен жұдырықтасуға болады. Қазір бізде таңдау бар.

Біздің мақсат - дайындалу, жұдырықтасу, жеңу. Ал промоушен міндеті - біздің мүддемізді есепке ала отырып жаңа келісімшарт жасау. Бір жекпе-жек, кіммен болсын, қай жерде және қай жерде бәрібір. Біз таңдаймыз да, нүкте қоямыз. Мәскеу, Сочи, Питер, Екатеринбург болса да", - деп келтіреді Sport24 Абдулманап Нурмагомедовтың сөзін. 

Дереккөз: vesti.kz 

0 Пікір Кіру