2019 жылы ең көп гонорар алған боксшылар - на sport.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на sport.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

Ең көп табыс тапқандардың көшін Энтони Джошуа бастап тұр.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 2019 жылы ең көп гонорар алған боксшылардың қатарына енді, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Отандасымыз украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқаны үшін 15 миллион доллар алған. Vringe порталының мәліметінше, PPV сатылымын есепке алғанда GGG дәл 15 миллион пайда тапқан. Сауль Альварес екі жекпе-жегінде де қарсыластарынан екі есе көп табысқа кенелген. Бұл кездесулер Дэниел Джейкобс пен Сергей Ковалевке қарсы өткен еді.

2019 жылы ең көп гонорар алған боксшылардың көшін Энтони Джошуа бастап тұр. Ол Энди Руиспен өткен реваншта 85 миллион доллар тапқан.

2019 жылы ең көп гонорар алған ТОП-10 боксшы:

1. 85 миллион $ — Энтони Джошуа Энди Руиспен өткен реваншта осынша табыс табады.

2. 75 миллион $ әрқайсысы — KSI мен Логан Пол өздерінің екінші кездесуінде 150 миллион доллар тапты (бұны өзара теңдей бөліседі).

3. 36 миллион $ — Сауль Альварес Дэниел Джейкобспен жекпе-жекте.

4. 35 миллион $ — Сауль Альварес Сергей Ковалевпен жекпе-жекте.

5. 25 миллион $ — Энтони Джошуа Энди Руиспен бірінші жекпе-жекте.

6. 15 миллион $ — Геннадий Головкин Сергей Деревянченкомен жекпе-жекте.

7. 13 миллион $ — Энди Руис Энтони Джошуамен екінші жекпе-жекте.

8. 11 миллион $ — Тайсон Фьюри Том Шварцпен жекпе-жекте.

9. 10 миллион $ — Деонтей Уайлдер Доминик Бризилмен жекпе-жекте.

10. 10 миллион $ — Дэниел Джейкобс Сауль Альвареспен жекпе-жекте осынша табыс тапты.



0 Пікір Кіру