Ресей бірінші рет олимпиадада тусыз өнер көрсетеді - на sport.bugin.kz
Кана Байузаков - на sport.bugin.kz Кана Байузаков

Қысқы Олимпиада

Оңтүстік Кореяның Пхенчон қаласында өтетін қысқы Олимпиаданың болуынан қарағанда, боладысы қызық болуда. 

Әлемде алдымен қос Корея бірігіп өнер көрсетеді деп жар салса, артынша Ресей Олимпиадаға бармайды деген қауесет гуілдеп кетті. Рас, Олимпиадалық Комитет Ресейдің туы, әнұраны болмайтындығын, бірақ спортшылардың бейтарап түрде қатысуға рұқсат беретіндігін жариялады. Жалпы Ресей Олимпиадаға не үшін тусыз өнер көрсетеді? Алғаш рет тусыз өнер көрсетіп жатыр ма?

Даудың басы

2010 жылы Ванкувер қаласында өткен қысқы Олимпиада ойынында Ресей небары 3 алтын медаль жеңіп алып, жалпы медальдық тізімде 11 орынды місе тұтты.

Ал 2014 жылы Сочидегі қысқы Олимпиада 2 жайт бойынша әлем тарихына кірді. Біріншіден, 50 млрд жұмсалған «тарихтағы ең қымбат» Олимпиада аталса, екіншіден, Ресей қысқы спортта 12 алтын ұтып, бұған дейінгі ешкім қол жеткізбеген жетістікке қол жеткізді. Яғни медаль тізімінде 1 орынды алды.

Бірақ екінші тарихымыздың қуанышы ұзаққа бармады. Мәскеу қаласында орналасқан антидопингтықзертхананың директоры Григорий Родченков Сочи Олимпиадасынан кейін қызметінен кетіп, 2016 жылы тура АҚШ-қа тартты. Тартып қана қойған жоқ. Сочи Олимпиадасында 12 алтын медальды қалай жеңгендігі туралы жайып салды. Оның сөзінше Ресейлік спортшылар сонау 1980 жылдан бері антидопингтық зертханадан сәтті өтіп келген. Тіпті 2012 жылдың өзінде Сочиде қанша медаль ұтатындығы жайында Родченковқа хабарлап, допинг бар деген Ресей спортшыларының сынамасын ешкімге білдірмей, допингі жоқ бапкер, өзге спортшылардың сынамасымен ауыстыруға бұйрық берген. Бұл оқиғаға тек Ресейдің спорт мамандары ғана емес, ел басшысы Владимир Путинның өзі итермеледі деп мәлімдеді. Нәтижесі бәрімізге белгілі. Сонымен қатар Родченковқа өзге елдің мықтылары саналатын, алтынға басты үміткер деген спортшылардың таза сынамасын, допингы бар қылу керек деген де ұсыныс келген. Ол нысана – Украинаның биатлонисті Вито Семеренко болуға тиісті еді. Алайда 2012 жылы Родченков В.Семеренко Мәскеуде таза емес болса да, өзге жерде таза болатындығын ескертіп, бұл қадам «Сочи жобасының»әшкере болатындығын алға тартыпты. Дей-тұра, өтіріктің құйрығы бір тұтам екендігі 2016 жылы белгілі болды. 2016 жылы мамыр айында АҚШ жерінде Родченков допинг құпиясын әшкере қылып, салдарынан 2008, 2012 жылғы Пекин, Лондон Олимпиадасындағы ТМД спортшыларының сынамасы заманауи зертханамен тексерілді. Нәтижесінде Рио Олимпиадасына Ресейдің жеңіл атлетикадан бақ сынайтын спортшылары жіберілмеді, Қазақстанның ауыр атлетикасының қос Олимпиададағы жетістіктері жоққа шығарылды, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасында ұтып алынған Ресейдің 3 алтын, 8 күміс, 2 қола медалы есептелмеді. Бастысы 2017 жылдың желтоқсанында Ресей таза спорт принципін бұзғанына байланысты Корея Олимпиадасына жіберілмеді. Өзіне сенімді деген таза спортшылары арнайы антидопигтық зертханадан өткізілудің арқасында ғана 169 Ресей азаматы бейтарап түрде қатысуға мүмкіндік алды.

Халықаралық Олимпиада Комитетінің шешімі мен Қазақстанға салдары

1. ХОК Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанатында Ресейдің туы мен гимні болмайтындығын, тіпті спорт сайыстарында көрермендердің өздері Ресейдің туын әлеуметтік желіге, стадиондарында көрсетуге тыйым салды. Уақыт келе, соңғы идеядан ХОК бас тартты. Себебі, 2016 жылы Рио Олипиадасында да жеңіл атлетика сайысында стадионда Ресейдің туы мүлдем көрсетілмеуі керек болатын. Алайда белорусь жанкүйері Ресей туын бұлғап, аталмыш тыйымды білмейтіндігін алға тартқан еді.

2. ХОК-тың 7 желтоқсандағы бұл мәлімдемесі Ресейді қос тарапқа бөлді. Бірі – Ресейдің Олимпиадабейтарап ретінде қатысуын қолдаса, бірі Ресейді Олимпиадада тусыз өнер көрсетуі нағыз масқара, яғни бойкот жариялаймыз деді. Дегенмен ел басшысы Владимир Путин бейтарап түрде қатысатындығын, Олимпиадаға баруға рұқсат етілмеген спортшылар үшін сыйақы беретіндігін хабарлады.

3. Ресейдің спорт министрлігі Корея Олимпиадасында болмайды. Ресей Федерациясының спорт министрі Владимир Мутко алдағы уақытта ешқандай Олимпиадаға көмектесуге, стадионға кіруге рұқсат етілмейді.

4. Ресей спортшыларын қайта антидопингтық зертханадан тексерістен өткізгені үшін, Ресей ХОК-қа 15 млн доллар көлемінде шығын төлеуі тиіс.

- Ресейдің допинг дауы Қазақстанға да өз кесірін тигізді. Өткен жылы Австрия қаласында Қазақстанның биатлонистері допинг қолданды деген айыппен жедел арада тексеріс жүргізілді. Биылғы жылы Италия жерінде де осы оқиға қайталанды. Абырой болғанда еліміздің жарқын жұлдызы саналатын Галина Вишневская бастаған биатлонистердің бойынан допинг табылмады.

Ресей бірінші рет Олимпиадада тусыз өнер көрсетуде ме?

-   Ресей бұған дейін 1992 жылы Францияның Альбервилле қаласында өткен Қысқы Олимпиадасында бейтарап тумен қатысты. Себебі 1991 жылы КСРО ыдырағанына байланысты ТМД елдері туларын толыққанды жасақтай алмаған еді. Сондықтан  Ресей, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Өзбекстан, Украина спортшылары бірге бақ сынап, жалпы есеп көрсеткішінде 23 медальмен 2-ші орын алды.

-    1992 жылы Барселонадағы жазғы Олимпиада да ТМД-ның 12 елі тағы да бірге бақ сынап, жалпы есеп көрсеткішінде 112 медальмен 1-ші орынды иеленді.


0 Пікір Кіру