Жыл жекпе-жегі: Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен жекпе-жекке шығады - на sport.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на sport.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

Жыл жекпе-жегі

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегін Тони Фергюсонға қарсы өткізеді, — деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы. Бұл туралы ресейлік спортшының менеджері Али Абдельазиз мәлімдеді.

– Кеттік. Чемпион Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жек үшін келісімшарқа қол қойды. Бұл жігіт көптен бері таяқ жегісі келіп жүрген. 18 сәуір. Бүркіт Бруклинге тағы бір рет қонады. Бәрі жанкүйерлер үшін, – деп жазды менеджер.

Естеріңізге сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов соңғы жекпе-жегін 7 қыркүйекте Абу-Дабиде өткен UFC 242 турнирінде америкалық Дастин Порьерді үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген еді.

0 Пікір Кіру