Шымкентте мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтті - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Жарысқа қатысушыларға жалынды сәлем

26 қараша күні Шымкентте конькимен сырғанаушылар бас қосып, жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысты.

Жарыс төрт күнге созылды. Турнир қазірдің өзінде басталып кетті. Елдің 10 аймағынан, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облыстарынан келді. Барлығы 240 спортшы қатысуда.

Оның ішінде Шымкент қаласының  намысын 41 спортшы қорғап, жеңістен үмітті. Жеңіл атлетшілер жекелей сында қысқа және еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді. Ал жеңімпаздар 29 қараша күні ақтық сында белгілі болады.

Ал турнирден жеңімпаз болған жасөспірімдер әлем чемпионатына жолдама алмақ.

Негізі барлық жастар арасында үшінші жасөспірімдер арасында үшінші разрядтары мен спорт шеберіне үмітті жасөспірімдер арасында өтуде.

Айта кеткен жөн, былтыр Шымкент қаласында жастар арасында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Оған 107 спортшы қатысқан.

0 Пікір Кіру