Лев Яшин жайлы: Аңызды тану - асыл іс - на sport.bugin.kz
Жәнібек Әмре - на sport.bugin.kz Жәнібек Әмре

Лев Яшин жайлы көркем фильм ең аз қаралым жинады

Әлемнін ең үздік қақпашысы дегенде, ең алдымен, еске атақты Лев Яшин түседі. Лев Яшин КСРО-ның 5 дүркін чемпионы, 1960 жылы еуропа чемпионы атанып, олимпиада ойындарында да жүлдемен оралды.

Қақпашы жайлы футбол аңызы Пеле: "Қақпада Яшин тұр­ғанда, біраз әбігерге түсетінім рас. Себебі ол доптың қай жаққа қарай ұшатынын ішкі түй­сігімен сезетін" – деп Лев Яшиннін таланттына баға береді.

Бұл күні өмірін ала допқа арнаған қақпашының атағы биік, абыройы асқақ. Осы сөзіме дәлел орыс халқы қайталанбас қақпашы Лев Яшиннін 90-жылдығына арнап кино түсіруі. Режиссер Василий Чигинский түсірген кино 28 қараша күні көпшілік қауымға ұсынылды.

Бір өкініштісі сол екен қақпашының жеке өміріменен спорттық мансабы суреттелетін көркем фильм бірінші көрсетілім бойынша өте төмен қаралым жинаған. Біреулер "Бүгінгі жастар жөні түзу кино қарамайды" десе, біреулер "киноның кемшілігі көп" деп ақталады.

Әрине, тарихымызды таңбалаған Томириске кеше ғана кино түсіріп, біреуді алалауға аулақпыз. Дегенмен аңызды тану- асыл іс.


0 Пікір Кіру