Маңғыстаулық қос спортшы Азия кубогының жеңімпазы атанды  - на sport.bugin.kz
Жұлдызай Қалиева - на sport.bugin.kz Жұлдызай Қалиева

Алтын мен қола

Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан ересек және әйелдер арасында Азия кубогы өтті. Аталған додада маңғыстаулық балуандар алтын және қола жүлдені қанжығасына байлады.

60 келі салмақта бақ сынаған Бауыржан Нарбаев алтын жүлдені иеленді. Ол финалдық белдесуде Йемен елінен келген балуанмен күресіп, айқын басымдықпен жеңіске жеткен.

Ал Бауыржан Сағынғалиұлы 66 келі салмақ дәрежесінде канадалық балуанмен белдескен. Содан соң қытайлық балуанды жеңген. Үшінші кездесуінде Моңғол спортшысына есе жіберсе, финалда қазақстандық балуанмен бетпе-бет келген. Нәтижесінде қола жүлде Бауыржан Сағынғалиұлына бұйырған.

Айта кетейік, Олимпиада ұпайларын түгелдейтін жарысқа 30 мемлекеттен келген балуандар бақ сынады. Ел намысын қорғауға 5 спортшы барған. Соның ішінде үшеуі облыстық "Жас батыр" спорт мектебінің балуаны.


0 Пікір Кіру