Астана құрамасы жеңді ме әлде жеңілді ме? - на sport.bugin.kz
Әзімбек Қойлыбай - на sport.bugin.kz Әзімбек Қойлыбай

Желі беттеріне шолу

28 қараша күні Астана футбол құрамасы Еуропа Лигасында ағылшынның Manchester United құрамасын өз алаңында 2:1 есебімен жеңді. Көпшілік көрермен таңдандырған бұл жеңіс желі қолданушыларының үшжақты пікірін туғызды. 

1-тарап: Бұл кездесуге Manchester United бізді мазақ етіп, өзінің 3-ші құрамын жіберіп отыр. Олар 3-ші құрамның өзі де қаусатады деп ойласа керек. Яғни, бұл біздің бәсекеге қабілеті төмен құрама ретінде қабылдауының көрінісі. Және сөзсіз, басты құрамы келгенде ойланбастан 6-7 гол соғар еді.

Толыққанды жеңіске жеткен жоқпыз деген ойға саяды, қысқасы. 

2-тарап: Кейбірі сөзін әзілге ұластырамын деді ме, зілін ойламады-ау шамасы... «Манчестерді сатып алған ғой» деп те қағытты. Және «Қазақ футболистері де доп тебуді үйреніпті ғой, әә» деп жеңістің сеніміне селкеу түсіре осылай сыңаржақ пікірлер ұсынды.

3-тарап болса, «Бұл сенсация» деп қабылдап, «Тарихи жеңіс» деп бағалады. Бұл шынайы Астана құрамасының жеңісіне тілектес болып, атой салғандар еді. «Біз 3-ші құрамды емес, Manchester United деген құраманы жеңдік!» дейді. Анығында жеңіске қуанып, бөркін көкке лақтырғандардың қатары көп. Бұл орынды да.

Менің айтарым, әзілмен сынға алғанша жеңіске жеткенімізге шын көңілмен қуансақ нетті?.. Осы FIFA ойындарында сүйікті құрамамыз жеңіске жетсе, қалай қуанар едік? Ал, отандастарымыздың бұл жеңісіне неге қуанбасқа?

 P.S: «Бір қазақтың бақыты мен бағына, Бар жанымен қуанса екен бар қазақ!». 

0 Пікір Кіру