Аяқсыз туған Әли жайлы не білеміз ? - на sport.bugin.kz
Жәнібек Әмре - на sport.bugin.kz Жәнібек Әмре

Қазақстанның әлемдік елшісі - Әли Тұрғанбеков

Әли Тұрғанбеков жасынан спортқа қызығып, футболға бейім болған. Бүгінде Әли Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Футболға деген ыстық сезімі, ынта жігері аяқсыз туған жеткіншекті алға қарай жетеледі.

Әли бұл күні кәрі құрлықтың көптеген командаларымен кездесіп, көптеген футбол жұлдыздарымен суретке де түскен. Осы сөзіме Әли Тұрғанбеков аты аңызға айналған атақты ойыншы Диего Марадоннамен кездесіп, қазақтың дәстүрлі шапаның жауып құрмет көрсетуі. Әли Марадоннаның жерлесі, 5 дүркін алтын доп иегері аргентиналық Лионель Мессимен де кездесіп естелік суретке түсті.

Әли қазақтың қара домбырасын Париж төріне апарып, жергілікті клуб Пари Сен-Жермен ойыншыларымен кездесіп, тағы бір асқақ арманың орындап қайтты.

Украина құрамасының бас бапкері, ұлы футболшы Андрей Шевченко Әлиді құраманың кезекті бір ойынына шақырып, жаттығу өткізді.

Сонымен қатар Әли Уефа президенті Александр Чеферинмен қатар тұрып Уефа супер кубогын Ливерпуль ойыншыларына табыстады.

Кеше ғана Европа Лигасы аясында Астана және Манчестер Юнайтед командалары арасындағы ойында Әли Манчестер Юнайтед капитаны Джеси Лингардпен жасыл алаңға шығып жадырап қалды.

0 Пікір Кіру