Алматыда өтетін бокс кеші: Қазақстандық қанша боксшы бақ сынасады? - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Сол кеште бақталасатын боксшылардың қарсыластары белгілі болды

16 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде боксшылар өнер көрсетеді. Аталмыш дода Тәуелсіздік күніне орай болады деп жоспарлануда. Айта кетейік, сол кеште бақталасатын боксшылардың қарсыластары белгілі болды.

Бокс додасында қазақстандық алты былғары қолғап шеберлері өнер көрсетеді. 

Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Аргентина, Камерун, Филиппин, Индонезия, Нигерия мемлекетінің боксшылары шаршы алаңда кездеседі.

Boxrec.com порталындағы бокс туралы статистикалық ақпаратқа қарағанда, аталған бокс кешінде жұдырықтасатын сегіз жұп анықталған. Олар: қазақстандық Виктор Коточигов мен аргентиналық Хавьер Хосе Клаверо - жеңіл салмақ, қазақстандық Сұлтан Заурбек пен қытайлық Лешань Ли - екінші жартылай жеңіл салмақ, қазақстандық Искандер Харсан мен камерундық Томас Эссомба - супер жеңіл салмақ, қазақстандық Нұртас Ажбенов пен филиппиндік Лэнди Крис Леон - жеңіл салмақ, қазақстандық Елшат Нығметолла мен филиппиндік Крис Альфанте - супер жеңіл салмақ, қазақстандық Абай Төлеш пен Томаш Безвода - орта салмақ, өзбекстандық Хуршид Тожибаев пен индонезиялық Айзек Джуниор - екінші жартылай жеңіл салмақ, нигериялық Алиу Бамиделе Ласиси мен индонезиялық Хамсон Ламандау - екінші ең жеңіл салмақ бойынша жұдырықтасады.

Қазақстандық боксшылар Нұрдос Төлебай, Мирас-Али Сарсенов, Рай Сейітжанов, сонымен қатар өзбекстандық Фазлиддин Гайбназаровтың қарсыластары әлі анықталмады. Олар енді анықталады деп күтілуде. 
0 Пікір Кіру