Ерлан Айтаханов: Шымкентте бір ауданның өзінен 33 спорт алаңы ашылды - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Әл-ауқат

Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Маятас пен Тоғыс елді мекендерінде балаларға арналған спорттық алаңдар ашылды. Ал балалар алаңшасын ашуға қала әкімі Ерлан Айтахановтың өзі келді. Өйткені спорт алаңын салу Ерлан Айтахановтың бастамасымен жасалған көрінеді.

Еңбекші ауданының өзінде бес жерде осындай алаңшалар ашылған. Мәселен, «Тоғыс» елді мекеніндегі балалар алаңшасына бір уақытта 300-ге тарта адам сияды. Ал аталмыш алаңдарды салу жұмысы 4 айдың ішінде аяқталған.

- Қазір Шымкент қаласынан шалғай орналасқан елді мекендер қосылып жатыр. Соларға жаңадан инфрақұрылым салу, елдің әл-ауқатын көтеру мақсатында арнайы іс-жоспар бекітілген. Бір ғана Еңбекші ауданының өзінде 33 спорт алаңы мен 17 балалар алаңшасы бар, - деді Ерлан Айтаханов ашылу салтанатында.

0 Пікір Кіру