Шымкенттік хоккейшілер өзбек командасын жеңді - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Балалар хоккейі

Шымкенттің мұз алаңында өткен жергілікті «Тұран 2010» мен Ташкенттен келген «Хумо» командаларының кездесуі шиеленісті болды.

Көрші елден келген команда басында өте белсенді ойын көрсетті. Ал мачтың соңына қарай алаң иелері біраз ширығып, есепті теңестіріп үлгерді. Есеп 5:5. Судья овертайм беріп, қос команда да бір-бірінің қақпасына кезек-кезек шайба ұрғанымен, бір-бірін жеңе алмады. Есеп тағы да теңесіп қалды.

Содан судья буллит беруге мәжбүр болды. Яғни, ойыншылар жеке-жеке өнер көрсетіп, жекпе-жекке шықты. Осы кезеңде шымкенттік команданың қарқыны жақсы болды. Кездесудің кезеңі 7:6 есебімен аяқталып, шымкенттік «Тұран 2010» командасы жеңді.

Шымкент қаласында балалар арасында өткен хоккей турниріне 5 команда қатысты. Бірінші және екінші орындарды алматылық командалар бөліп алса, үшінші орынды «Тұран 2010» командасы алып отыр.

Енді спортшылар елордада өтетін үлке турнирге аттанады.

0 Пікір Кіру