Қазақстан чемпионаты: Шымкенттіктердің мерейі үстем болды - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Көркемдік гимнастика

Шымкентте көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтті. 

Шымкентте көркем гимнастикадан спорт интернаттары мен клубтар және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Оған спорт мектебі мен спорт клубының мүшелері қатысты. Чемпионатқа Қазақстанның әр өңірінен 300-ден астам жасөспірім келді.

- Біздің басты қарсыластарымыз – елордадан келген спортшылар. Өйткені Нұр-Сұлтан қаласында Олимпиадаға дайындау орталығы мен көркемдік гимнастикаға дайындау бойынша интернат бар. Олардың дайындығы жақсы. Кейде біз жеңсек, кейде елордалық қарсыластарымыз алға шығып кетеді. Олар біз үшін қарқынды қарсылас. Бір жағынан, шеберлігімізді шыңдауға мүмкіндік беретін қарсылас десек те болады, - дейді Шымкент көркем гимнастика федерациясының президенті Мүслім Шаназаров.

Бұл сайыста Шымкент қалалық олимпиада даярлау мектебінің командасы 1-орынды алса, Әлия Юсупованың көркем гимнастика мектебі екінші орынды, Алматы қалалық олимпиадаға даярлау мектебі үшінші орынды алды.

Көпсайыстан ересектер арасында 1-ші орынды Алина Әділханова (Шымкент), 2-ші орынды Роза Абитова (Шымкент), 3-ші орынды Даяна Әбдірбекова (Шымкент) иеленді.

Ал командалық сайыстан Әлия Юсупованың көркем гимнастика мектебі бірінші орында болса, Шымкент қалалық олимпиадаға даярлау мектебі екінші орында, Нұр-Сұлтан қаласы олимпиадаға даярлау мектебі үшінші орынға табан тіреді.


0 Пікір Кіру