Шымкенттік шенеуніктер үстел теннисін ойнауға жиналды - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Қызметкер мен спорт

Шымкенттің мемлекеттік қызметкерлері Тұңғыш Президент күнін спорттық шарамен атап өтті.

Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері үстел теннисін ойнап жарысты. Ойынға барлығы 30 мемқызметкер қатысты. Олардың арасында спортшылар да бар. Мәселен, ауыр атлет Индира Әбіш мемлекеттік қызметкерлермен теннис ойнауға арнайы келген екен.

- Бұрын теннис ойнап көрмегем. Бүгін бірінші рет ойнап отырған жайым бар. Шыны керек, үйрену қиын екен. Ракетканы ұстаудың өзін үйрену керек, - дейді спорт шебері Индира Әбіш.

- Таңнан кешке дейін кеңседе отырамыз. Қозғалмай бір орында отыра береміз. Бәрі қағаз жұмыс. Сондықтан спортпен айналысқан, бір уақыт сергіп тұрған бізге аса маңызды, - дейді Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов.

Осы орайда айта кеткен жөн, қазіргі уақытта Еңбекші ауданында 33 спорт алаңы бар. Келесі жылы тағы да бесеуін салу жоспарланып отыр.

0 Пікір Кіру