Еуропа лигасы: «Астана» соңғы матчте «Партизаннан» ұтылды - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Қазақстан чемпионы маусымды аяқтады

«Астана» футболшылары сербиялық «Партизаннан» жеңіліп, Еуропа лигасының L тобында соңғы орын алды.

Матчтың есебі төртінші минутта ашылды - гвинеялық жартылай қорғаушы Сейдуба Сума "Партизанды" алға шығарды. Бірінші таймның ортасында сербиялық клуб тағы екі гол соқты: 22-минутта нигериялық форвард Умар Садик есепті еселесе, 26-минутта жапониялық шабуылшы Такума Асано "Астана" қақпашысы Ненад Эричті  допты өз қақпасынан үшінші рет алып шығуға мәжбүрледі.

Екінші таймда жанкүйерлер екі гол көре алды. 76-минутта Садик дубль жасаған, үш минуттан соң "Астана" румыниялық хавбек Дорин Ротариудің әдемі голымен есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп - 4:1, сербиялық клуб сенімді жеңіске жетті.

Бұл топтың екінші матчында англиялық "Манчестер Юнайтед" голландиялық "АЗ Алкмарды" 4:0 есебімен тас-талқан етті. "МЮ" 13 ұпаймен топта бірінші орын алды, тоғыз ұпайы бар АЗ да плэй-офф кезеңіне шықты. "Партизанда" 8, "Астанада" үш ұпай бар.



0 Пікір Кіру