Шымкентте Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай волейболдан тартысты турнир өтті - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Республикалық турнир қалай өтті?

Бүгін Шымкентте Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай волейболдан республикалық турнир өтті.

Тартысты турнир №1 Пушкин атындағы мектеп гимназиясында 8 команда арасында болды. Жарыстың ашылуына Қазақстанның бірқатар даңқты спортшылары мен ел ағалары қатысты.  Мектеп директорының орынбасары Гулфайруз Дауренбекова Тауелсіздік күні мерекесінің маңыздылығына тоқталды.

Жеребе негізінде екі топта өнер көрсеткен командалардан ақтық сында алаң иелері мен №71 жалпы орта мектебінің командасы кездесіп, 3-1 есебімен алдыңғылары басымдық танытты. Ал қола медалді Қырғызстан волейболшыларын ұтқан Сарыағаш ауданының командасы жеңіп алды. Үздік спортшы ретінде Ербол Жаңабайұлы, үздік волейболшы Мұрат Қыдыров, ал ардагер волейболшы атанған Қазығұрт ауданын бастап келген Орынбасар Нартбаев арнайы жүлдемен марапатталды.

Тәуелсіздік күніне арналған бұл іс-шара әр жылы өтіп тұратын дәстүрлі шараға айналады.

0 Пікір Кіру