Шымкенттегі мектепте «Спорт күніне» орай  эстафеталық сайыс өтті - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Ата-аналар арасында эстафеталық сайыс өткізілді

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 2019-2020 оқу жылының салауатты өмір салтын сақтау және отбасылық тәрбие бағыты бойынша, «Спорт күніне» орай 2019 жыл 16 қараша күні 1-сынып ата-аналары арасында эстафеталық сайыс өткізілді.

Сайысқа қатысушы командалар: «Барыс»-1 «А», «Алғырлар»-1 «Ә», «Барс»-1 «Б», «Болашақ»-1 «Д», «Жас қыран»-1 «Ж», «Самғау »-1 «Е» топтары. Командалар 4 кезең бойынша сайысқа түсті. Әр сайысқа ойыншылар ынта-жігермен қатысып, шеберлікпен тапсырмаларды орындады. Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Жалпы мұндай іс-шараның өтуі бұл мектепте жыл сайын дәстүрге айналды. Ондағы мақсат — ата-аналармен мектеп арасындағы байланысты нығайту және шыныққан, білімді, жігерлі, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу. Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені - «Жас қыран» тобы-1 «Ж» сынып, 1-орынды — «Барыс» тобы-1 «А» сынып, 2-орынды - «Барс» тобы-1 «Б» сынып, 3-орынды -«Алғырлар» тобы-1 «А» сынып ата-аналарына бұйырды. Қалған командалар белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ал бас жүлдені иеленген команда финалға жолдама алды. Сайысқа белсене қатысқан ата-аналарға мектеп әкімшілігі алғыс айтты.  

0 Пікір Кіру