Алматы әкімі Әлем чемпионатында жекпе-жекке шығып жатқан алматылықтарға сәттілік тіледі - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Ұлттық команда құрамында үш алматылық бар

Ақтөбеде қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық команда құрамында үш алматылық бар.

Бұл туралы Алматы әкімі Бақыжан Сағынтаев Instagram-парақшасына жазды.

- Ұлттық команда құрамында үш алматылық бар. Бүгін Ниетбай Дәулет (55 келі) пен Әбдіразақов Руслан (+100 келі) алтынды қанжығалады. Ертең Әбдіқасым Сахан (82 келі) өнер көрсетеді. Сәттілік тілейміз! - деп жазды қала басшысы Instagram-парақшасына.

Qazaq Kurеsi халықаралық федерациясының хабарлауынша, Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей палуандары боз келемде белдесіп жатыр. Барлығы 8 салмақ дәрежесі бойынша әлемдік атақ пен медаль беріледі. Әлем чемпионатын ұйымдастыру комитеті Ақтөбе қаласына әр елден бес балуан мен бір бапкерді шақырды.

0 Пікір Кіру