Садақ ату: Шымкенттегі халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

Садақ атудан Шымкенттегі халықаралық турнирдің жеңімпаздары белгілі болды

Шымкентте садақ атудан Шертай Әмірбековті еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. 

Классикалық садақ атудан ерлер арасындағы сында қазақстандық Фуркат Гулматов жеңіске жетті. Екінші орында - қырғызстандық Ұлықбек Курсаналиев. Қола жүлдені Ресей өкілі Станислав Черемискин иеленді. 

Әйелдер арасында алтын жүлдені Светлана Баранцева еншіледі. Екінші орында - қазақстандық Анастасия Туркина. Үшінші орында - ресейлік Валентина Евдокимова.

Блоктық садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ақбарәлі Қарабаев жеңіске жетті. Күміс және қола жүлдені ресейлік Виктор Скрыбыкин мен Чингиз Ричино ұтып алды. 

Әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Айдана Мұхтарханова топ жарды. Ресейлік Анастасия Джиоева екінші, Анель Нұрәділова үшінші сатыда.


0 Пікір Кіру