Елдос Сметов: Биыл алған жүлдемнің бәрі келер жылғы Олимпиада алтынына бір табан жақындатады  - на sport.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на sport.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

2020 жылдағы басты міндеті – Олимпиада ойындары

Барлық спорт түрі бойынша биылғы жарыс маусымы аяқталды. Өткен жылға есеп беретін уақыт та жеткен сияқты. Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Olympic.kz сайтына берген сұқбатында биылғы жылға қорытынды жасады.

«Жыл басындақойған мақсатымның бәріне жеттім. Ең басты міндет олимпиада лицензиясын ұтып алу үшін рейтингке қажет ұпайды жинау болды. Қазір олимпиада рейтингінде үздік үштікте тұрмын.

Биыл алты үлкен турирге қатыстым. Оның екеуінде, атап айтқанда, Анталия мен Будапештте өткен Гран-при турнирінде чемпион атандым. Күміс жүлдегер де болдым. Сөйтіп үштікте тұрмын. Бұл биылғы маусымды жақсы аяқтағанымды көрсетеді.

2020 жылдағы басты міндет – Олимпиада ойындары. Биыл алған жүлдемнің бәрі келер жылғы Олимпиада алтынына бір табан жақындатады. Бұйырса, Токиода алтыннан алқа тағынам деген ойдамын», – деді Сметов.


0 Пікір Кіру