Хабиб мансабын аяқтауы мүмкін  - на sport.bugin.kz
Нұржан Арманұлы - на sport.bugin.kz Нұржан Арманұлы

Жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов мансабын алдағы 2 жылдың ішінде аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды RT.News порталы.

Бұл туралы оның әкесі әрі жаттықтырушысы Адбулманап Нурмагомедов айтты. 

- Хабиб жақын уақытта мансабын аяқтауы керек. Бұл дегеніміз 1-2 жылда. Мұны барлық команда бірлесіп шешеді. Ылғи жеңу мүмкін емес. Мансапты қай кезде аяқтау керектігін түсіну керек. Хабиб 35 жасқа дейін де өнер көрсете алар еді. Бірақ ол көп қиындықтан өтті. Қаншама жарақат алды. Жаттығу да өте ауыр, – деді ол.

Еске сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов келесі жылдың 18 сәуірінде америкалық Тони Фергюсонмен күш сынасады. Кездесу Нью-Йоркте өтеді.


1 Пікір Кіру
  • Жомарт 30 Желтоқсан, 2019

    Хабиб еңбекқор спортшы. Фергюсон оған тең келмейді деп ойлаймын. Бастысы тағы бір мәрте Макгрегормен кездессе екен. Содан кейін барып спорттан кетуіне болады.