Australian open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Теннис

20 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтетін Australian open-2020 турнирінің бірінші айналымында кездесетін жұптар белгілі болды.

Қазақстан атынан бұл турнирге Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Юлия Путинцева, Зарина Дияс және Елена Рыбакина қатысады. Сонымен қатар, Дмитрий Попконың да негізгі кезеңге шығуға мүмкіндігі бар, ол үшін квалификациялық кезеңнен сүрінбей өтуі керек.

Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары:

Бублик жергілікті теннисші Джордан Томпсонмен кездеседі. Кукушкиннің де жолы жергілікті теннисшімен түйісті. Оның қарсыласы - Марк Полман.

Рыбакина америкалық Бернард Перамен, Путинцева қытайлық Тайбэй спортшысы Су-Вей Семен бақ сынасады. Ал Дияс америкалық Аманда Анисимовамен кездеседі

0 Пікір Кіру