Месси 2020 жылы Испания чемпионатында рекорд орнатты - на sport.bugin.kz
Plumeria - на sport.bugin.kz Plumeria

Лионель Месси

«Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси – күнтізбелік 16 жыл ішінде гол соғып келе жатқан Испания чемпионатындағы алғашқы ойыншы. Бұл туралы Gracenote Live статистикалық порталы Twitter-дегі парақшасында хабарлайды.

Испания чемпионатының 20-шы турында «Барселона» мен «Гранада» арасында өткен матчта жалғыз голды Месси соқты.

Осы соғылған голдың арқасында аргентиналық 16 күнтізбелік жыл бойы Ла Лигада гол соғуымен ерекшеленіп келе жатқан жалғыз ойыншы атанды.

Месси Барселонаның бірінші командасында 2005/2006 маусымынан бастап ойнап келе жатыр, осы уақыт аралығында аргентиналық барлық турнирлерде Каталоналық команда үшін 708 матч өткізіп, барлығы 620 гол соққан, ал 253 ойында нәтижелі көрсеткіш берген.

0 Пікір Кіру