«Қатты жылағым келеді»: Коби Брайантты ЛеБрон Джеймс еске алды - на sport.bugin.kz
Әйкерім Хамит - на sport.bugin.kz Әйкерім Хамит

ЛеБрон Джеймс әлем күткен жазбаны бүгін инстаграм парақшасында жариялады

Кеше әуе апатынан ҰБА-да ең көп ұпай жинаған баскетболист Коби Брайант қайтыс болды.


- Мен әлі дайын емеспін, бірақ барамын. Дәл қазір осы постқа бірдеңе жазуға тырысып отырған адаммын. Бірақ сені ойлаймын, Джиджи жиенді және екеуміздің байланысымыз, достығымыз бен бауырластығымызды ойлағанда қайтадан жылай бастаймын. Жексенбі күні ғана Филадельфиядан Лос-Анджелеске кетерде сенің дауысыңды естіген едім. Енді миллион жыл өтсе де бұл біздің соңғы әңгімеміз болғанын ойлағым келмейді. Қатты қайғыға ұшырадым, өйткені менің ағам!! Достым, ағам, мен сені жақсы көремін. Енді менің жүрегім Ванесса мен балаларға тиесілі. Сенің мұраңды жалғастырамын деп уәде бермін, бауырым! Сен біз үшін және «LakerNation» үшін ерекшесіңжәне бұл жауапкершілік енді менің мойынма жүктеледі, мен оны бар күшіммен жалғастырамын!! Маған күше бере отырып, қарайласып жүр! Мен осындамын! Әлі айтарым көп, ойымды жинақтай алмай отырмын! - деп жазады ЛеБрон Джеймс өзінің инстаграм парақшасында.

Еске сала кетейін, кеше әуе апатынан Баскетболдан NBA чемпионы Коби Брайант қайтыс болған еді. Артында, әйелі, Наталья, Бьянка мен жақында ғана туған қызы Капри қалды. Сонымен қатар, Лейкерс коронасын ол ЛеБрон Джеймске қалдырып кетті. Филадельфиямен болған ойында ЛеБрон Джеймс Коби Брайанттың спорттық мансабындағы рекордын жаңартып, ҰБА- да ең көп ұпай (33655 ұпаймен)жинаған ойыншылар арасында үшінші орынға көтерілгенін айта кету керек. Алғашқы бестікте 33643 ұпаймен Коби Брайант төртінші орында.

0 Пікір Кіру