«Қазақ күресі»: Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізілмек - на sport.bugin.kz
Bugin.kz - на sport.bugin.kz Bugin.kz

«Қазақ күресі» пән ретінде енгізілуі мүмкін

Бұл туралы ҚР Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдаулет Сәбитов хабарлады. Жаңа ақпарат Маңғыстау облыстық «Қоғамдық коммуникация орталығында» өткен брифингте жарияланды.

Бақдаулет Сәбитовтің айтуынша, жасөспірімдер арасында осы Қазақ күресінен біріншілік алғаш рет Ақтау қаласында өткен. Ол бұл жобаның қолдау тапқанына қуанатынын да айтып өтті. Бас хатшының айтуына қарағанда, жылдан жылға ата-аналар тарапынан қазақ күресіне деген қызығушылық артып келеді. Соған байланысты жаңа оқу жылынан бастап осы спорт түрін мектептерде пән ретінде енгізу жоспарланған. Алдымен, Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстауда пилоттық жоба ретінде іске асыру жоспарланып жатыр. Қазіргі таңда бағдарламасы әзірленіп, мамандар даярлау барысы қолға алынған.

Қазақ күресі:

- 1-4 сыныптарға - акробатика ретінде;

- 5-11 сынып оқушыларына арнайы пән ретінде өткізіледі.

Сонымен қатар қыз балалар да аталмыш спортпен айналыса алады.

0 Пікір Кіру