Көшпенділердің көкпары қандай деңгейде? - на sport.bugin.kz
Кенжебек Дулатбек - на sport.bugin.kz Кенжебек Дулатбек

Бүгінгі көкпар

Көшпенділер. Бұл бір үлкен ұғым, алып арна. Бір мекенге тағдыры тоғысқан халықтың және сол мекеннен көшкен елдің сипаты.

Қазақ деген есімнің елеулілігін: халықтың нақышынан, ғұрпынан, дәстүрінен түстеу хақ. Ел болған соң ерлігі қатар жүрмей ме. Сол ерлікті тойлаудыңда салты мәлім. Азат елдің атар таңы іспеттес ұлдардың ойыны бар. Ол ойын, ерлердің ойыны, жігерлілердің машығы, сойқандардың ісі. Көкпар. Көкпар деуініңде көптеген мағыналары бар: "көк бөрі", "көшпенділер", "көкке". Көкке тойған көк серкенің батадан шыққан қаны, ел тыныштығын ырымдап, тоқшылықпен көпшіліктің белгісі лайым. Қазанаттарын сайлап, таң асырып қаңтарған, көкке басын салмай танауынан жел деміктірген жануардың бүгін қажырлылығы сыналады.

Қайратты қол, мығым тақым. Қамшыласқан шабарманның делебесі қосуда. Тастан қатты жас серкенің сүйегін, болаттан мықты жұмыр саусақтар-ақ үгітері белгілі. Бұл үзеңгілес үздіктердің ойыны.

Әрине бұл да бір мәселе, түйіткілді шаруа. Қазіргі таңда "Дода көкпар", "Өлмес көкпар", "Бата көкпар" деген түрлері бар. Мұны қаражатымен, қажыры келіскен Атымтай жомарттар ұйымдасытырып та жататыны мәлім. Ата дәстүрдің нақышын бұзбай, арасын суытпай, билік басындағылар да жылына бірнеше мәрте өткізіп отырады.

Қазақи тұлпар. Еті мығым, сүйегі мықты, кеуделі, омыраулы, екпінімен жылдамдығы қатты, жердегі көкпарды іліп алуға ыңғайлы, ақылды, текті болып келеді. Бұл жануардың белгісі біздің тұран далада кездесері хақ. Бұл өздігінен болмас, алдымен баптап, атбегінің сынынан өтіп қана додаға түспек. Қазақ жылқыларының шыдамдылығы, төзімділігі, мықтылығы дәл осы көкпармен өлшенеді.

Біздің елдің көкпары Қырғыз көршімізбен салыстырғанда, айырмашылықтары мол. Көршілес қырғыз халқының салты бойынша, жас тананы көкпар қылатыны мәлім. Артық кемін алғанда тананың салмағы да едәуір жеңілдейді. Бұл бізбен салыстырғанда тең нәтижені айқындайды. Екі батыр елдің ғұрпын бірінен бірін артық көру қисынға келмес. Қазақ көкпары күн санап дамып келеді. Оған шәк жоқ.



0 Пікір Кіру