Фантастик көрсеткіш! Мессидің Ла Лигадағы голдары 400ге жетті! - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Футбол

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының  19-тур аясында  «Эйбар»ға қарсы ойында (3:0,) гол соқты.

31 жасар Аргентиналық футболшы үшін аталмыш гол Испания  Ла Лигасындағы 400-гол болды. Месси Испания  чемпионаты тарихындағы бұндай жетістікке жеткен алғашқы ойыншы болды.

Ла Лигада голдар саны бойынша екінші нəтиже "Ювентус"  шабуылшысы Криштиану Роналдудға тиесілі. Португалялық футболшы "Реал" сапында 292 ойында  алаңға шығып 311 гол соққан еді.

Испания чемпионатының осы маусымында Месси 17 ойында алаңға шығып, 17 гол соғып, 10 голдық пас беріп үлгерген болатын.

0 Пікір Кіру