NBA-ның тұрақты чемпионаты тоқтатылды - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Коронавирус

Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) тұрақты чемпионаты тоқтатылды. Бұған ойыншылардың бірі коронавирус жұқтырғаны туралы ақпараттың расталғаны себеп болған, деп хабарлады NBA Twitter-дегі парақшасында.

«Оклахома»-«Юта» арасындағы матчты өткізу кейінгі уақытқа шегерілді, себебі «Джаз» ойыншыларының бірінен алынған сынама қорытындысы оның коронавирусқа шалдыққанын көрсетті. 

Инсайдерлер бұл орталық «Ютаның» ойыншысы Руди Гобер екенін хабарлап отыр. Өткен ойын күні тұрақты чемпионаттың алты кездесуі өтуі тиіс болған, бірақ тек төртеуі ғана өткізілді. 

Сондай-ақ «Сакраменто» мен «Нью-Орлеанс» арасындағы ойын кейінге ауыстырылды.



0 Пікір Кіру