«Астана» футболшылары жаттығу жұмыстарын бастады  - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Бүгін «Астана» ойыншылары БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы жаттығу жұмыстарын өткізді

Команда ойыншылары таңертең спортзалда дайындалса, түстен кейін жасыл алаңда дайындық жұмыстарын пысықтады. 

Дәл осы оқу-жаттыу жиынына өткен маусымда Екінші Лигада жеңіске жеткен бірқатар жас футболшылар шақырту алды. Олардың ішінде екі маусым бойы негізгі құраммен жаттыққан жартылай қорғаушы Сұлтан Сағнаев (2000 ж) пен Владислав Прокопенкодан бөлек, қақпашы Владислав Саенко (2000), жартылай қорғаушылар Лев Скворцов (2000), Жасұлан Қайыркенов (2000), шабуылшы Рамазан Каримов (1999), және де өткен маусымның екінші жартысын «Оқжетпес» сапында жалда өткізген Талғат Кусяпов (1999) та бар. 

Жалпы оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімі төмендегідей: қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов, Владислав Саенко, қорғаушылар: Марин Аничич, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Талғат Кусяпов, Антонио Рукавина, Сергей Малый, Абзал Бейсебеков, жартылай қорғаушылар: Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Сұлтан Сағнаев, Жасұлан Қайыркенов, Педро Энрике, Роман Муртазаев, Лев Скворцов, Марин Томасов, Серікжан Мужиков, Юрий Перцух, шабуылшылар: Жуниор Кабананга, Рангело Янга, Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов. 

Астана ФК Баспасөз қызметі 

0 Пікір Кіру