Петр Чех маусым соңында мансабын аяқтайтынын мəлімдеді - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Тағы бір аңыз футболдан кетті

Лондонның "Арсенал" клубы қақпашысы Петр Чех ағымдағы маусым мансабындағы соңғысы екенін айтты.

"Мен не  қалаған болсам солардың бəріне жеттім. Премьер-лигада 15 маусым доg тептім, ұтуым мүмкін болған барлық жүлдені жеңдім", - дейді чехиялық қақпашы.

Мəлімет үшін, Петр Чех өзінің  профессионал карьерасын 1999 жылы Чехияның "Хмел" клубында бастаған. Содан соң ол "Спарта", "Ренн", "Челси" жəне "Арсенал" клубтарында доп тепкен.

36 жасар қақпашы карьерасында 4 мəрте Англия чемпионы, 5 мəрте Англия кубогы жəне 3 мəрте Англия  лига кубогы иегері атанған. Сонымен қатар, бір мəртеден Чемпиондар Лигасы  жəне Еуропа лигасында топ жарған.

0 Пікір Кіру