Канело, Джейкобс, Андраде: Қазақстандық боксшы әлем чемпиондарын жұдырықтасуға шақырды - на sport.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на sport.bugin.kz Қаракөз Амантай

Қазақстандық әлем чемпионы орта салмақтың чемпиондарын жекпе-жекке шақырды

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Алматыда өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы, Инчхонадғы Азия ойындарының жеңімпазы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы чемпиондар-Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс және Деметриус Андраденді жекпе-жекке шақырды.

"Қалайсыңдар, чемпиондар. Ұтылып қалмаңдар. Жақында әрқайсыңнан өз белбеуімді аламын. Қазір сендер мені тек инстаграмнан ғана көріп отырсыңдар. Жақында рингте бетпе-бет жүздесеміз. Сендерге қазақ бокс стилін көрсетемін. Ол жекпе-жек өмірлеріңдегі естен кетпес жекпе-жек болады, сеніңдер.

Менің салмағымның чемпиондары ғой. Бұйыртса көп күттірмеймін. Өзімнің де көп күткім келмейді. Ломаченкодан қазақ боксшыларының еш жері кем емес. Біз де қысқа уақытта чемпиондармен жұдырықтаса аламыз. Бұйыртса аз қалды! Ең бастысы сенім және тынбай жаттығу қажет" — деп жаздыЖәнібек Әлімханұлы интернет желісіндегі инстаграм парақшасында.

https://www.instagram.com/p/Bs02e9rgDn3/?utm_source=ig_embed

Таяуда Геннадий Головкиннің қарсыластары арасында жекпе-жек өтетіні белгілі болды. Төртінші мамырда орта салмақтағы чемпион Сауль "Канело" Альварес пен IBF титулының иегері Дэниэл Джейкобс рингте кездеседі. 

0 Пікір Кіру