Мбаппе келер маусымда басқа клубқа өтуі мүмкін  - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Футбол

«ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция  чемпионатының 21-турда «Генгамға» қарсы ойыннан кейін (9:0) алдағы уақытта «Реалға» өтуі мүмкіндігі туралы хабарларға өз пікірін білдірді.

«Қазір "ПСЖ" клубындағы  жағдайыма толық көңілім толады. Клубпен келісімшарт 2021 жылға дейін жарамды. Сол себепті басқа клуб туралы ойлап жүрген жоқпын. "Реалдың" маған қызығуы? Маған  «ПСЖ» ұнайды. Бірақ болашақта бəрі болуы мүмкін.

Маусымды ПСЖ-да аяқтайтыныма толық сенімдімін. Ал одан  кейінгісін көре жатармыз», - деген Мбаппенің сөздерін келтіруде El Chiringuito TV.

Қазіргі уақытта  20 жасар форвард Франция чемпионатының ағымдағы маусымында 14 ойында алаңға шығып, 17 гол соғып, 9 голдық пас беріп үлгерген болатын

0 Пікір Кіру