«Реал» Азармен 5 жылдық келісімшартты келісіп алды - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

«Реал» клубы «Челси» жартылай қорғаушысы Эден Азармен келісім алды, деп хабарлайды OKDIARIO

Футболшы мадридтіктермен 5 жылдық келісімшартқа қол қойды. Оның жалақысы жылына 13 миллион еуроны құрайды. Сонымен қатар, Примерада жеңіске жетсе 1 миллион, "Алтын допты" жеңсе 1 миллион, Чемпиондар Лигасында топ жарса тағы 1 миллион  еуро  бонус алады.

Мадридтіктер Азарды жазда өз сапына қосуды жоспарлап отыр. Бірақ оның трансфері үшін 100 миллион  еуродан артық төлегісі келмейді.

Азардың "Челси" мен келісімшарты 2020 жылға дейін екендігін, жəне ол клубпен жаңа келісімшарт жасаудан бас тартуын алға  тартар болсақ  28 жасар Бельгиялық футболшыны жазда "Реал" дан көріп қалуымыз бек мүмкін. Ағымдағы маусымда ол 28 ойын өткізіп, 12 грл соққан жəне 10 голдық пас берген.

0 Пікір Кіру