2022-жылғы Әлем чемпионаты тек Катарда ғана өтпейді - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Футбол

2022-шы жылы Катардағы әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 48-ге дейін көбейту туралы бастаманы көптеген елдердің футбол қауымдастықтары қолдап отыр. Матчтардың кейбірі көрші мемлекеттерде өтуі тиіс. Бұл жайында Марракештегі ФИФА саммитінде ұйым басшысы Джанни Инфантино мәлімдеді. Ол Катардың да қарсы емес екенін атап өтті. Алайда бұл елдің көршілерімен дипломатиялық қарым-қатынасы аталған өзгеріске кедергі жасауы мүмкін. 2017-ші жылы Сауд Арабиясы, Бахрейн, Египет және Біріккен Араб Әмірліктері Катарды лаңкестерге қолдау көрсетті деп айыптап, арадағы байланысты үзген болатын. ФИФА президенті бұл жағдайда футбол саясаттан тыс екенін тілге тиек етті.

Джанни ИНФАНТИНО – FIFA президенті:

- Шынын айту керек, ФИФА командалар санын 2022-ші жылы көбейтуды көздеп отырған жоқ. Ал, 2026-шы жылғы әлем чемпионаты бойынша мұндай шешім шықты. Ол дұрыс деп ойлаймыз. Катарда да құрамаларды көбейтуге болады, бізді футбол қауымдастықтары қолдап отыр. Бұл мәселеге қатысты соңғы шешімді маусым айында жариялаймыз. Оған дейін ұйымдастырушы тараптың қаржылық кепілдігін алуымыз керек. Сонда ғана үш жылдан кейін кеңейтілген турнирді өткізе аламыз ба деген сауалға жауап аламыз.

Марракештегі ФИФА саммитіне 60-тан аса елдің футбол қауымдастықтарынан өкілдер келді.

0 Пікір Кіру