"Барселона" Испания кубогы матчінде ұтылып қалды - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

"Севилья" Испания кубогының ширек финалында "Барселонаны" ұтып кетті

"Рамон Санчес Писхуан" стадионындағы ойын 2:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері екі голды Яспер Силлессен қорғаған қақпаға екінші таймда салды: 58-ші минутта жартылай қорғаушы Пабло Сарабия, ал 76-шы минутта франциялық форвард Виссам Бен-Йеддер.

Кубоктың 1/4 финалындағы мұның алдында өткен мачте "Хетафе" командасы "Валенсияны" 1:0 есебімен ұтты. Қаңтардың 24-нен 25-не қараған түні Астана уақытымен 00:30-да "Эспаньол" - "Бетис" және "Реал" - "Жирона" кездесулері өтеді.
Испания кубогы 1/4 финалының қарымта ойындары 29 және 31 қаңтар аралықтары жүреді. Трофейдің қазіргі иегері "Барселона". 21 сәуірде өткен финалда каталондықтар "Севильяны" 5:0 есебімен ойсырата жеңген еді. 
0 Пікір Кіру